Павлодарда тағы бір бала трамвайдың астына түсіп қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда ер бала қозғалыс үстіндегі трамвайдың астына секірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куә болғандардың айтуынша, бала 11-12 жас шамасында. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиға кешкі сағат жеті-жеті жарым кезінде 1 Май көшесінің Лермонтов көшесімен қиылысына жақын жерде болды. Ер бала «Манақбай базар» аумағына бет алған трамвайдың астына қасақана секірген. Транспортты басқарып келе жатқан жүргізуші әйел оны 50 метр қашықтықтан байқап, тежегішті басқан. Бала болат жолдың шетіне шыққан. Бірақ жүргізушінің сөзіне қарағанда, трамвай қозғала бере, бала теміржол үстіне қайта секірген.

Оқиға әлеуметтік желілерде жылдам тарай бастады. «Бала діңгектің жанында тұрды. Онда жаяу жүргінші жолы жоқ. Бала трамвайдың астына қасақана секірді. Өтіп бара жатқан адамдар оны алып шығып жатқанда ол ішімен төмен қарап жатты», - дейді куә болғандар.

Еске салайық, қыркүйек айының басында Павлодарда апалы-сіңлілі екі қыз трамвай астына түсіп қалған болатын . Олардың бірі сол жерде жан тапсырды.

 

 

Соңғы жаңалықтар