Павлодарда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілмек

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы Павлодарда су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсету акциясын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Акция барысында жиналған қаражатқа зардап шеккен азаматтарға қажетті заттар алуға жұмсалады, деп хабарлады Қызыл жарты ай қоғамының Павлодардағы бөлімшесінің басшысы Гүлнәр Исақанова.

Көмек қаржылай ақша аудару түрінде де, азық-түлік, жеке гигиена заттары, ЖЖМ түрінде де қабылданады.

«Қазіргі таңда барлық қазақстандықтар адамзаттың табиғи апаттың алдында қауқарсыз екендігіне куә болып отыр. Соның ішінде, Павлодар облысы да бар, - деді Исақанова. - Біздің Ақтөбе, Қарағанды және Ақмола облысындағы отандастырымыз зардап шекті. Қиын жағдайға тап болған халық біздің қолдауымызға зәру! Зардап шеккендердің қайғысына ортақтасып, Павлодар және Павлодар облысының тұрғындарын көмек көрсетуге шақырамыз». 

Соңғы жаңалықтар