Павлодарда спорттық қалашық салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында олимпиадалық резервті дайындау орталығының құрылысы, жеңіл атлетикалық және футбол маньеждері кіретін жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.



Жаңа спорттық нысандар «Құлагер» ипподромының аумағында таныстырылады. Қалашық алдағы бір жарым жылдың ішінде ашылады. 14 мың шаршы метрде орналасқан 1000 орынға арналған мінбесі бар жеңілатлетикалық манеж Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының барлық талаптарына сай келеді. Орталықтың шатырында шағын футбол алаңын құру жоспарланып отыр. Егер де футбол маньежі туралы айтатын болсақ, бұл өңірдегі алғашқы толық көлемді алаң болмақ. Мұнда 500-ден астам автомобиль тұрағы қарастырылған.

Павлодар облысының әкіміне эскиз жобасын «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС-нің өкілдері таныстырды. Олар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құны 6,5 миллиард теңге тұратын үш нысанның құрылысымен айналысады. Спорт қалашығын тұрғызуға жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өткеннен кейін тараптар келісімшарт жасай алады. Осыған сәйкес бюджет құрылысшының шығындарын 3-4 жылдың ішінде толтырады.

«Жеңіл атлетикалық маньеж бен олимпиадалық дайындау орталығының жобалық-сметалық құжаттамасын желтоқсан айының ортасында, футбол маньежінің құжаттамасын келесі жылдың қаңтар айында тапсыру көзделіп отыр», - деді «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС-нің директоры Әлімжан Исмаилов.

«2018 жылы наурыз айында құрылыс басталса, бұл үш нысан келесі жылдың соңында толық салынып болады. Болат Бақауов билік өкілдері жекеменшік иелерімен мұндай серіктестікке дайын екенін айтты. Дегенмен бірінші кезекте сапаға назар аударып, жұмысты аяқтауға асықпауды сұрады.

«Нақты мерзімді ұстанайық», - деді өңір басшысы.

«Жаңа нысандарды күн жылы болған кезде ашуды қолдаймын. Спорт алаңдарын 2019 жылдың маусым айында қолданысқа берген дұрыс. Бұған қоса, қоғамдық көліктің қатынау жолын қарастыру керек. Қазіргі таңда тараптар келісімдердің кейбір тұстары туралы пікір алмасуда. Ұсынылған жоба бойынша сараптама шыққаннан кейін ғана қол қойылуы мүмкін».

Соңғы жаңалықтар