Павлодарда сөндірілмей тасталған темекі тұқылынан 1 миллион теңге шығын келді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Луганск ауылында темекі тұқылын сөндірмеген азамат ауылдасына 1 миллион теңге шамасында зиян келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Полиция өрттің тұтануына себепші болған күдіктіні анықтады. Ол Павлодар ауданындағы Луганск ауылының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Ауылдасының ауласында темекі шегіп тұрып, тұқылын сөндірмей лақтыра салған. Содан өрт тұтанып, үй иесінің қысқы мал азығына жинаған 90 тонна шөбі жанып кеткен», - дейді Павлодар облыстық ішкі істер департаментіндегілер.

Өрттің салдарынан келтірілген залал миллион теңгеден асады. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы («Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру»), 2-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар