Павлодарда шетелдік азаматты өлтірді деген күдікпен екі бойжеткен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында құқық қорғаушылар кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы екі бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облысы ІІД-нің Вконтакте желісіндегі ақпаратына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінен хабарланғандай, 13 қазан күні қаланың Усольксий шағынауданында 25 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Оның денесінен зорлық белгілері анықталған.

«Қылмыстық полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай екі бойжеткенді ұстады. Оның бірі қаланың оқу орындарының бірінде екінші курста оқиды. Күдіктілер өз айыптарын мойындап отыр. Алдын ала анықталғанындай, жігіт пен бойжеткеннің бірі жанжалдасып қалған. Бұдан кейін қыз үйден кетіп, өзінің құрбысымен  бірге пышақ алып қайта  келген», - делінген хабарламада.

Павлодар облысының ІІД-нің ақпаратына сәйкес, өлген адам шетелдік болған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар