Павлодарда «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинетінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Ашылу салтанатына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұлов, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев және зиялы қауым өкілдері қатысты. Абзал Нүкенов ұстаздар мен балаларды «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуымен құттықтады.

"Павлодар өңірінде осындай рухани орталықтың ашылуы рухани жаңғырудың мән-мағынасын, жастарымызға дұрыс жол таңдауға, болашағын дұрыс айқындауға көмектесетін орталық болатынына сенемін. Тың бастамаларыңыз құтты болсын!", - деді Абзал Нүкенов.
null 

 Ардагер ұстаздардың атынан «Ыбрай Алтынсарин» белгісінің иегері, Николай Силкин атаулы кабинеттің ашылуына орай білім басқармасын құттықтап, аталмыш орталық облыстағы оқу орындарында да осындай кабинеттердің ашылуына септігін тигізеді деген үмітін жеткізді. - Бұл өте маңызды оқиға. Өйткені, адам баласы өз Отанының тарихын, туған тілін, мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалар жайлы білмей жатып, өз елінің лайықты азаматы бола алмайды, - деп атап өтті Николай Силкин.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, өңірдің педагогтары алдында оқушылар мен студенттерді адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу міндеті қойылған. - Біз ашық әлемде бәсекеге қабілетті, саяси мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатын қоямыз. Сонымен бірге, өз Отанын шын мәнінде сүйетін патриотты тәрбиелейміз, - деп атап өтті ол.

«Рухани жаңғыру» кабинетінің жобасын дайындау бойынша жұмыс тобына Болатханұлының басшылығымен облыстың ғалымдары мен педагогтары кірді. Ұйымдастырушылар туған өлкенің бірегей тарихын, атақты адамдардың өмірі мен қызметін зерделеу бойынша қажетті материалдарды іріктеу мақсатын қойды. Осылайша, Павлодар өңірінің тумалары ұлы жазушы Бұхар Жырау, ағартушы және көріпкел Мәшһүр Жүсіп Көпеев, аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев, талантты режисер Шәкен Айманов әлемге танылды.
null 

 «Ертіс-Баян өңірі - тарихи тұлғалардың туған жері, қасиет дарыған құтты мекен. Мәдениетті, тарихи естеліктерді зерделеу бойынша бұл бірегей орын - ауқымды алаң. Жас айтыскерлер мен ақындар арнайы кабинеттің ашылуына арнаған өз туындыларын оқыды. Қонақтар үшін экскурсияны да балалардың өздері жүргізді. Кабинетте осы өңірден шыққан атақты тұлғалардың портреттері мен кітаптары бар стендтер ерекше орын алған. Бұл Қазақстанның дамуына үлес қосқан мәдениет және өнер, ғылым және саяси қайраткерлері. Келесі стендте - қазіргі замандағы батырлар, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан нақты адамдар. Одан әрі орналасқан стендте - республикалық тізбеге енген Павлодар облысының киелі жерлері. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі, Исабек Ишанның мавзолейі, Қоңыр әулие үңгірі, Жасыбай батыр монументі, орта ғасырдағы «Ақкөл-Жайылма» қала орны. Стендтердің бірі мемлекеттік тілдің құрылуына, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне арналған. Бұдан басқа, кабинетте оқушыларға оқуға ұсынылған QR-кодымен 100 кітабы бар виртуалды кітапхана жұмыс істейді. Павлодар облысының ғалымдары, педагогтары енген кітаптар тізімін сараптама кеңесі бекіткен. Мұнда тарих, география, қазақ тілі және орыс тілі мен әдебиеті, өзін-өзі тану, «Өлкетану» курсы, сынып сағаттар, дөңгелек үстелдер, танымдылық сипаттағы іс-шаралар өткізілетін болады. 

Соңғы жаңалықтар