Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Павлодарда ресейлік жол апатының шығынын сот арқылы өндірді

2017 жылғы 7 желтоқсан 21:53 441
Поделиться:
Павлодарда ресейлік жол апатының шығынын сот арқылы өндірді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында соттың шешімімен Успен аудандық ішкі істер бөлімінен ресейліктің пайдасына 407 мың 370 теңге залал өндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2017 жылдың 29 сәуірінде Успенка-Қозыкеткен тасжолында болған жол-көлік апаты кезінде Ресей азаматына залал келтірген», - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Айгерім Сүлейменова.

Учаскелік инспектор мас күйде «ВАЗ-21213» маркалы қызметтік көлікті жүргізе отырып, қарсы жолаққа шығып кеткен және Павлодардан Новосібірге кетіп бара жатқан рейстік автобустың бүйірінен соққан. Автобустағы жолаушылар зардап шекпеген.

Успен аудандық сотының ақпараты бойынша, осы оқиғадан кейін полиция қызметкерін жұмыстан босатып, бес жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Ал аудандық ІІБ Ресей азаматына келтірілген залалды өтейтін болады. 


Басты сөздер: Павлодар облысы, Сот,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат