Павлодарда полицияның мәйіті табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы пәтерлердің бірінен полиция қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Табылған ер адамның мәйітіне байланысты ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі «Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Мұндай бап өзін-өзі өлтіру ықтимал адамдардың барлығына қозғалады», - дейді жергілікті ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Оның айтуынша оқиғаның себептері анықталу үстінде. Көз жұмған ер адам 2013 жылдан бері полиция сапында аға сержант қызметінде болған.

«Полиция қызметкерінің неден өлгенін сараптама жұмыстары бір айдың ішінде анықтайды»,-деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар