Павлодарда полиция өндірістік аймақта атысқандардың бірін анықтады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда өндірістік аймақтағы оқыс оқиғаға байланысты өте аз ақпаратқа ие болған тергеушілер сондағы атыс кезінде жарақаттанған қатысушыны анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Зардап шегуші көп нәрсе түсіндірген жоқ, бірақ оны 6 қаңтарда «Кастинг» зауытының маңында атқаны белгілі болды. Тергеушілердің әзірге ақпараты аз, - деп мәлімдеді Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова. - Оқ атқан күдікті анықталды, бірақ әлі ұсталған жоқ. Зардап шегуші мен оқ атушының арасында жанжал болған сияқты».

Б. Мағзұмованың айтуынша, зардап шегуші жұмыссыз азамат. Қазір «адам өлтіруге» оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар