Павлодарда полиция көлігі аударылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Короленко мен Роза Люксембург көшелерінің қиылысында жол апаты салдарынан полицей көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

Аталмыш оқиға орын алған видеоны агенттікке куәгерлер жіберген. Видеода қызметтік көліктің аударылғаны көрініп тұр.
Оқиғаның фотолары Instagram желісіндегі @news_pvl парақшасында да жарияланған. Қай автокөліктің кінәлі және қанша адамның жарақат алғаны туралы ақпарат әзірге белгісіз. Әлеуметтік желіде пікір қалдырған қалалықтар жол-көлік оқиғасының «жолды беру» белгісінің жоқтығы салдарынан орын алғанын алға тартады. 

Соңғы жаңалықтар