Павлодарда өтіп жатқан VII қысқы Универсиадада қостанайлықтар жеңіс тұғырына көтерілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында өтіп жатқан VII қысқы Универсиадада ерлер арасында гір көтеру спортынан еліміздегі жоғары оқу орындарынан 12 команда сапында 69 спортшы жарыс көрігін қыздырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аса тартысты бұл сында жалпы командалық есепте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты студенттері 255 ұпай жиынтығымен жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды 172 ұпай жинаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық - техникалық университетінің спортшылары иеленді. Үшінші орынды 140 ұпаймен  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті спортшылары еншіледі.

 Сондай-ақ бұл сында өз салмақ дәрежесі бойынша Николай Мищенков (ҚМПИ), Дмитрий Богер (КГПИ), Антон Цуркан (АМПИ), Олег Сысолятин (КГПИ), Сергей Турмин (КГПИ), Илья Кангаш (КГПИ), Рамазан Зейдалиев (ШҚМУ) Универсиада чемпионы атанды. Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар