Павлодарда өртенген шөптің түтінінен бірнеше көлік апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарға іргелес орналасқан Ленин кентінің тас жолының бойында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі kolesa_pavlodara парақшасында қолданушылар жол бойындағы қатты түтіннің салдарынан бірнеше көліктің жол апатына ұшырағанды туралы пікір жазуда.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  тұрғындардың отты абайсыз қолдануы оқыс жағдайдың орын алуына себеп болған.

«Әртүрлі үш аумақта кеуіп тұрған шөп пен қамыс жанған. Бірінші және екінші учаскенің әрқайсысында тоғыз гектардан, үшінші учаскеде төрт гектар қызыл жалынның астында қалды. Зардап шеккендер жоқ. Шығын келген жоқ», - деді баспасөз қызметінде.

Тілсіз жау сағат 17.04-те ауыздықталып, сағат 18.35-те толығымен сөндірілген. Оқиға орнында жеке құрамнан үш техника мен он екі адам жұмыс істеген. 

Соңғы жаңалықтар