Павлодарда өрт жеті жасар бүлдіршіннің өмірін қиып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Павлодарда Шөкин көшесі, 87 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан жеті жастағы қыз бала мерт болды. 

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . - Өрт сағат 16.20-да басталған. Сағат 17.15-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамнан 15 адам мен алты техника, медициналық апаттар орталығынан үш адам мен бір техника  жұмыс істеді. Қызыл жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған.  Сондай-ақ, тоғыз жастағы ұл бала мен 57 жастағы ер адам, 30 жастағы әйел адам ысты газбен улану диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді департаментте.

 Бұдан басқа, Шарбақты ауданында 210 тонна шөп жанып кеткен. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Ақсу қаласында Набережная көшесі, 41 мекенжайы бойындағы көпқабатты тұрғын үйде тіркелген өрт нәтижесінде бір адам ауруханаға жеткізілген. 

Соңғы жаңалықтар