Павлодарда Нұротан есімді баланы құттықтады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов 10 жасар Нұротан Еркебұланды құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлдың туыс атасының айтуынша, Нұротан 2007 жылы 7 шілде күні (жеті айлығында) дүниеге келген. Оның туған датасында үш «жеті» саны бар.

Оның есімін әжесі қойған. Бірақ, оны Отан деп атамақшы болған. Оның жұбайы, баланың туған атасы «Отан», қазіргі «Нұр Отан» саяси партиясына мүше болған. Сондықтан, осы есімді таңдаған екен.
 

Партияның облыстық бөлімшесінің басшысы Болат Бақауов бүгін, яғни партияның туған күнінде балаға планшет сыйлады.

Н. Еркебұлан Лебяжинск ауданында тұрады, үшінші сынып оқушысы. 

Соңғы жаңалықтар