Павлодарда найзағай салдарынан трамвайлар тоқтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда Солтүстік өндіріс аумағындағы кәсіпорындардың қызметкерлері таңертең әдеттегідей трамваймен емес, жұмысқа автобуспен келуге мәжбүр болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, түн ортасында түйіспе желісінің тіреуіне жай түскен.

"Түйіспе желісінің үзіліп қалғаны туралы техникалық қызмет анықтаған", - деді трамвай басқармасы. "Вагондар жолға шықпады. Сондықтан көлік кептелісі бола қойған жоқ. Солтүстік аумақтағы оннан астам кәсіпорынның, оның ішінде хим қалашығы, ЖЭО-ның қызметкерлерін тасымалдайтын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ЖШС мен арнайы трамвай маршруты автобусқа ауыстырылды.  Арнайы маршруттан басқа, бұл бағытта 3 және 4 жолаушылар вагоны қатынайды". 

Соңғы жаңалықтар