Павлодарда мұғалімдерге тағайындалған жазалар туралы 1941-45 жж журнал табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы № 11-мектептің мұрағатында кадрлық ауыс-түйістер, қатысушылардың статистикасы, оқытушылардың жұмыстан шығарылуы, қабылдануы, тәртіптік жазаларға тартылуы туралы бұйрықтар қамтылған 1941-1945 жылдарғы журнал табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Мысалға, 1944 жылы келесі жазба жасалған: «18/XI айындағы №16 бұйрық. Әдебиет пәнінің мұғалімі  Ушакова Н.В.-ның жұмыстан дәлелді себепсіз шығуына байланысты іс сот органдарына тапсырылсын. 20/II 44 ж. бастап 8-9-10 сыныптарға әдебиет пәнінің мұғалімі болып Графов Агриппин Семенович тағайындалсын. Директор». 

Сондай-ақ, 1943 жылдың 7 сәуірінде шыққан мынадай қатаң бұйрық бар: «1. Өзім анықтағандай, 6/IV-43 жылы еден жуушы Шадрина шаруашылық бөлімі меңгерушісінің рұқсатынсыз сарайдан партаның беткі қабатын алып, кескілеп, пәтерін жылыту үшін пайдаланған. 2. Мектеп мүлкі - партаның беткі бөлігін бұзғаны үшін азаматша Шадрина 8/IV-43 жылдан бастап жұмыстан шығарылсын. 3. Еден жуушылар Мирогородская В.И. мен Кутургина П.Ф-тың назарына мектептің шаруашылық мүлкін отын ретінде қолданғаны, сондай-ақ шаруашылық бөлімі меңгерушісінің рұқсатынсыз отынды пайдаланғаны үшін, оларды Жоғарғы Кеңес Президиумының 1940 жылдың 10 тамызындағы Жарлығына сәйкес жауапкершілікке тартатыным жеткізілсін. Директор».



Отан соғысы уақытындағы №11-мектеп директорының бұйрықтары жазылған журнал жіті зерделеніп, мектеп мұражайына қойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар