Павлодарда «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық "Мен қазақпын" телевизиялық мега жобасының облыстық кезеңіне 35 өнерпаз қатысты, деп xабарлайды pavlodarnews.kz.

Байқаудың ашылу салтанаты Павлодар қаласындағы орталық алаңның төменгі жағалауында болды. Сондай-ақ, мұнда жиналған жұртқа жергілікті қолөнер шеберлері мен зергерлердің көрмесі де ұсынылды. Ал, байқаудың қатысушылары өз өнерлерін "Шаңырақ" xалық шығармашылығы орталығында көрсетті. Жеңімпазларды Қазақстанға танымал дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали бастаған қазылар алқасы анықтады.  

«Телевизиялық жобаның облыстық іріктеу кезеңіне дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер қатысты. Қорытындысы бойынша әншілерден Нұрболат Әбілxан, термешілерден Нұржан Сарқамбаев, күйшілерден Бекзат Сәбиxанов жеңімпаз болды. Енді олар ұлттық телевизиялық жобаның республикалық кезеңінде өнер көрсетіп, облыс намысын қорғайды, - дейді» - «Шаңырақ» орталығының мамандары.  

 Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қатысып, республикалық кезеңнен жеңіс тіледі. 

Соңғы жаңалықтар