Павлодарда көп қабатты үйден құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда алты жасар қыз бала көпқабатты үйдің терезінен құлап кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі 2011 жылғы қыз бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен растады. Алған жарақаттарының салдарынан ол ауруханаға орналастырылды. Баланың анасына қатысты ҚР ҚК 140 бабы - «кәмелет жасқа толмағанды тәрбиелеуде өз міндетін орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта қыз бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. «Оның кеуде қуысы сынған, сондай-ақ жамбасы қатты жарақаттанған. Әзірге жағдайы ауыр. Кеше аяғына ота жасалды. Ертең дәрігерлер тексеріп, науқасты жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыруды немесе денсаулығы оңалғанша жансақтау бөлімінде қалдыру туралы шешім қабылдайды», - деді басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева. 

Соңғы жаңалықтар