Павлодарда «Көктем-2018» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес Павлодар облысында «Көктем-2018» Республикалық командалық-штабтың арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуды өткізу орны ретінде Павлодар қаласының Кенжекөл ауылдық аймағы анықталды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Бұл елді мекеннің кейбір көшелері Шығыс Қазақстан облысындағы жоғары Ертіс сарқырамасынан келетін су басу аймағына жатады. Орталық алаңда қалалық шұғыл ден қою жасағының күштері мен құралдары байқауы өткізілді. Тәжірибе бөлімінде бірнеше кіріспе және құтқарушылар сумен басылу аймағына жататын халықты эвакуациялау бойынша жұмыстарды орындады. Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің базасында эвакуациялық бекет құрылды. Эвакуацияланған халық автобуспен алғашқы қажетті заттарымен ауылдық қабылдау бекетіне келіп жетіп, күту залына орналасты. Ветеринарлық қызмет жұмыскерлері ауыл шаруашылық жануарларды қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастырды. Апаттар медицинасы орталығының және жедел құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккендерді анықтау, сондай-ақ шартты түрдегі науқас адамдарға және тасымалдауға жарамайтын ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Ақпарат қызметі және дауыс зорайтқыш құралы бар машина эвакуация туралы құлақтандырды. Ауыл тұрғындары жүргізілетін оқу-жаттығу туралы алдын ала хабарландырылған және олар құтқарушылардың нұсқауларын ықтиятпен орындады. Сондай-ақ шұғыл ден қою жасағы және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің техника күштерімен ауылдың көшелерінен қар шығару ұйымдастырылды.
Топырақты үйінділерді үю бойынша жұмыс та қолға алынды. КамАЗдар және жүккөтергіш көліктер топырақты үйінділерді көтеру орындарына келіп, қойылған міндеттерін орындауға кірісті, 5512 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сумен басылатын үйдің ұзындығы бойынша үйіндіні үюге және құммен толтырылған қаптар арқылы жасанды бөгеттерді қалауға көмектесті.

Оқу-жаттығуға аумақтық Төтенше жағдайлар органының жеке құрамынан 250 адам және 70  техника жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдарының, АҚ және ТЖ қалалық қызметтерінің, 5512 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жеке құрамының тартылды.

Соңғы жаңалықтар