Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді

 Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді
2017 жылғы 13 қазан 13:49 426

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың лауреаты Аманжол Шамкеновтың 90 жылдығына орай «Кітапхана әлемі» атты шараға 600-ден астам адам келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «Гаджеттеріңізді өшіңіздер, бүгін біз сіздерге кітап оқыған әлеуметтік желілерде отырғаннан әлдеқайда қызықты екенін дәлелдейміз», - деді жиналғандарға жүргізуші. Кешкі сағат 18:30-да «кітапханада тыныштықты сақтаңыздар» деген ереже бұзылды. Қонақтар үшін қызығушылықтар бойынша түрлі алаңдар мен кітап инсталляциялары жұмыс істеді.

Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді 


Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді 


Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді 

 Осыған ұқсас шара кітапханада 2014 жылы өткен, дегенмен облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Барлық 13 ауданның кітапханалары өздерінің экспозицияларын ұсынды. Кітапхана серіктестерінің бірі - Ж. Аймауытов атындағы музыкалық-драма театры болды. Актер Даниял Асенов Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан және Гүлжанат Омарова Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романынан екі моноқойылым ұсынды. Шараның екінші серіктесі - «Мадлена» торт дүкендер желісі кітаптардан әзірленген торт түрінде тосынсый жасады. Оқу залында театралды алаң жұмыс істеді. Облыстық кітапхананың «Вояж» театры кітапханашының кітаптарды парақтап отырғанын және кітаптардан кейіпкерлер шығып жатқанын көрсетті. Осы алаңда «Промень» жастар театрының актерлері өнер көрсетті. Олар өздерінің қойылымдарынан бірнеше үзінді ұсынды.

Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді 

Бұл кешке облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, облыстық басқарманың басшылары қатысты. Олар Аманжол Шамкеновтың өлеңдеріне ән салып, туындыларын оқыды. Қонақтар Ақын Алақанұлы, Шолпан Байғалы, Юрий Поминов және Ольга Григорьева сияқты Ертіс өңірінің танымал ақын, жазушыларымен әңгімелесті.

Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді 

 Екінші қабаттағы шеберханада қаланың шеберлері, мүсінші Дәурен Досжанов балаларға саздан мүсін жасауды үйретті.

Павлодарда кітапхана түніне 600-ден астам адам келді 

 

Басты сөздер: Мәдениет, Павлодар облысы, Рухани жаңғыру,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер