Павлодарда «Қазпошта» балалар үйлеріне тегін газет-журналдар жаздырып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы облыс орталығындағы екі балалар үйіне өздері қалаған газет-журналдарға жазылып, түбіртектерін сыйға тартты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «Қазпошта» бөлімшесінің маркетологы Айнур Габдархымованың айтуынша, облыстық мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілері «Калияки-малияки», «Логопед» журналдарын және «Маша и медведь» газетін оқығысы келетіндерін айтқан. Сонымен қатар, Павлодар қаласындағы Осипенко көшесі, 13 мекен-жайындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының бүлдіршіндері «Бала би», «Ертегілер елінде», «Жыл 12 ай» журналдарына және «Бал жұмбақ», «Дружные ребята» газеттеріне тапсырыс берген. Қам көңіл жандардың осы тілектерін орындау мақсатында пошта қызметкерлері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойы құрметіне жоғарыда аталған газет-журналдардың барлығын алдағы бір жылға жазып, мекеме ұжымына түбіртектері мен сертификатын сыйға тартты. Енді олар 2017 жылдың қаңтар айынан бастап өздері қалаған газет-журналдарын тегін алып оқитын болады.

 " Біздің мекемеде 60 бала тәрбиеленеді. Олардың 40-тан астамы орта мектепте және 10-нан астамы колледждерде білім алады. Бізде тәрбиеленушілердің көбі қазақ балалары болғандықтан, ана тіліндегі газет-журналдарды оқиды. Еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай қамқорлық жасап, балалар басылымдарына бір жылға тегін жаздырып берген «Қазпошта» қызметкерлеріне алғысым шексіз", - дейді отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлбағда Кәрімова. 

Соңғы жаңалықтар