Павлодарда Қазақстандағы тұңғыш Еріктілер үйі ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Қазақстандағы тұңғыш рет Еріктілер үйі Павлодарда ашылды. Жаңа атауға ие болған ғимаратта өткен ғасырдың басында балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы, ертегілер мен жануарлар жайлы әңгімелердің авторы Аким Некрасов тұрған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Еске салайық, 1905 жылы салынған ғимарат 20 жыл бойы бос жатқан еді. Некрасовтың тұрған үйіне алты миллион теңгеге демеушілер есебінен күрделі жөндеу жасалды. - Бұл үйдің тарихи маңызы зор, сондықтан біз оның архитектуралық келбетін сақтап қалдық, - дейді жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Саят Жүсіпбаев. - Ғимараттың ішінде қажетті күрделі жөндеу жасалып, коммуникациялар тартылды. Демеушілерге көмек сұрап барғанда олардың ешбірі бізден бас тартпады.

 Еріктілер қызметін дамыту орталығының ашылуымен жастарды Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев құттықтады. - Өңіріміз үшін елеулі еңбек етіп жүрген еріктілерге алғысым шексіз. Енді олар осы жерде жиналып, ойларымен бөлісіп, жоспарларын бірге құра алады, - дейді Мейрам Бегентаев.

null 

Айта кетейік, «Жасыл ел» штабы да жөндеу жұмыстарына қолұшын созды. Олардың он мүшесі екі ай бойы құрылысшыларға тегін көмек көрсетті. Қазіргі күні Еріктілер үйіне тоғыз ұйым орналасты. Олардың қатарында «VITO», «Павлодар еріктілер клубы» мен «Красный полумесяц» бар.  

null 

Соңғы жаңалықтар