Павлодарда карантиндік жемісті саудалаған адам жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА ҚазАқпарат - Павлодарда ер адам Қырғызстаннан жеткізілген тыйым салынған шабдалыны саудалаған. Бұл турал Павлодар облыстық сотының сайты хабарлады.

«Павлодар қалалық мамандандырылған әкімшілік соты Р. есімді тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБ кодексінің 400-бабы, 2-бөлігі, 1-3 тармақтары бойынша  карантинге жатқызылған өсімдікті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, мемлекет ішінде тасымалдау және карантиндік өнімді саудалау бойынша заңнаманы бұзуы жөніндегі істі қарады», - делінген соттың баспасөзі қызметі таратқан хабарламада.

Іс материалдары бойынша, Р. көлігімен Қарағандыдан Павлодар қаласына карантин салынған 160 келі өрік және шабдалыны жеткізілген. Жеміс Қырғызстанда өсірілген.  Шабдалыны жемір көбелек зақымдаған. Оның 14 жәшігі сатылған. 7 тамыздағы сот қаулысы бойынша К. ҚР ӘҚБ кодексінің 400-бабы, 2-бөлігі, 1-3 тармақтары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін деп айыпты деп танылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (45 380 теңге) әкімшілік айыппұл салынды. Ал 115 келі карантиндік өнім тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.  

Соңғы жаңалықтар