Павлодарда ірі кәсіпорындар ЖОО мен колледж түлектеріне бос жұмыс орындарын ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. 

24 шілде күні сағат 15:00-де Жастар орталығында (Ломов көшесі, 38) 2016-2017 оқу жылының түлектеріне, қаланы жұмыссыз азаматтарына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Қаланың түрлі кәсіпорындары мен фирмалары бос жұмыс орындарын ұсынбақ. Атап айтқанда, «Павлодарэнерго» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «Трамвай басқармасы» АҚ, «Каустик» АҚ, «Сүт» АҚ, ПФ ЖШС «Кастинг» ЖШС ПФ, «KSP Steel» ЖШС, «Аскор» ЖШС, «Идеал маркет» ЖШС, «Альфа банк» АҚ және басқалары.  

Соңғы жаңалықтар