Павлодарда халыққа бірыңғай қызмет көрсету орталығы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жемқорлықпен күрес бойынша тиімді әдіс енгізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс орталығында қосымша халыққа қызмет көрсету орталығын салудың орнына бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығын ашу туралы шешім қабылданды. Мұндай ұсыныс жуырда мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткен көшпелі ведомствоаралық жиын барысында ұсынылған.

Осы жиында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның қызметін үйлестіру жөніндегі директоры Шоқан Әбділманов электрондық үкіметті оңтайландыру туралы пікірін білдірген.

«Бізге көптеген бөлімдерде автоматтандыру жоқ екеніне ескерту жасалды», - деді қала әкімі Нұржан Әшімбетов.

«Барлығы көшірілген, сканерден өткізілген болуы тиіс және серверде сақталуы керек. Осыған қарай құжаттарды автоматтандыру бөлімдеріне қаржы бөлетін боламыз».

Қала басшысының айтуынша, Кривенко көшесіндегі бес қабатты ғимаратта келесі жылы үлкен орталық ашылады. Бұл мақсатта қалалық бюджеттен шамамен 400 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда негізгі мемлекеттік мекемелер орналасқан. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бірінші қабат бірыңғай ХҚКО-на беріледі.

«Біздің қызметкерлер қандай да бір қызмет алуға келген азаматтарды қабылдайды. Ол арнайы үшін терезелер немесе ашық қабылдау формасы болады. Қалалық кеңес мемлекеттік сараптаманы алуды және бұл жобаны қарастыруды желтоқсан айына жоспарлап отыр»,-деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар