Павлодарда этномәдени бірлестіктерге әкім гранттары тапсырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында Ертіс өңіріндегі 26 этномәдени бірлестік Павлодар облысы әкімінің гранттарына ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, келісім мен тұрақтылықты қалыптастыру жолындағы еңбегі үшін наградаларды аймақ басшысы Болат Бақауов Достық үйінде табыстады.

«Қазақстан халқының облыстық ассамблеясы қайырымдылық шараларына белсенді қатысады, - деді Болат Бақауов. - Бұл жөнінде республикалық қайырымдылық форумында аталып өтті. Залда отырған жандардың барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

Грант иегерлері бұл қаржының қайда жұмсалатыны жайлы жақсы біледі. - Бұл гранттар жыл бойы өткізілетін шараларға тең бөлінеді, - дейді Элена Паули.

«Жыл сайын 100-200 мың теңге көлемінде ауысып отырады. Сонымен қатар, ҚХА-ның "Қазақстан халқы Бірлігінің  «Бірлік» қоғамдық наградасы,  Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар  тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар