Павлодарда есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қылмыспен күресуді күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу және «Наурыз мейрамын» атап өтуге орай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Бірінші күні полицейлер шамамен әкімшілік заңдылықтың 800 бұзушылығын анықтады. Оның ішінде: автокөлікті мас күйінде айдаудың тоғыз фактісі, шағын бұзақылықтың 63 фактісі, көшелерде және қоғамдық орындарда алкагольді ішімдік ішудің 137 фактісі, автокөлік жүргізушілерінің белгіленген қозғалыс жылдамдығын жоғарлатудың 62 фактісі және қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлікті айдаудың 82 фактісі тіркелді.

1Павлодар қаласының Гагарин - Пахомов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері BMW автомашинасын тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында полицейлер автокөлік жүргізушісінің бір түрлі жағдайына күдіктенді. Полицейлердің күдігін медициналық куәландыру растады. Оның қорытындысы бойынша 30 жастағы ер адам есірткіге мас болған. Жүргізуші ҚРӘПжК 608-бабының 7-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды1, - дейді баспасөз қызметінде.

Бұдан басқа, тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғыны 32 жастағы павлодарлықтан пневматикалық тапаншаны алған. Сараптама тағайындалды. Жол-патрульдік полициясы батальонының полицейлері 23 жастағы павлодарлықты ұстап, ақырғыдан сұр-жасыл өсімдік тектес зат полиэтиленді пакет табылды және алынды. Сараптама тағайындалды.

Наурыз мейрамы күндері азаматтардың тыныш демалуын, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету үшін облыс полицейлері қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшті. Тәулік бойы полиция нарядтары облыстың барлық елді мекендерінде патрульдейді.

Соңғы жаңалықтар