Павлодарда ерлі-зайыпты қатыгездікпен өлтірілген: Күдікті - 17 жастағы ұлы

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы саяжайда қатыгездікпен өлтірілген ерлі-зайыптының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, тиісті сараптамалар белгіленді. Соттың санкциясымен күдікті ұсталды», - деді журналистерге Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, мәйіттер саяжайда төрт күн бойы жатып қалған. Мәйіттер табылған соң араға бір күн салып, қаза тапқан әйелдің 17 жастағы ұлы күдікті ретінде ұсталды.

Бейресми хабарларға қарағанда, қылмысқа отбасындағы жанжал себепші болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар