Павлодарда еріген қар суы көшелерді шайып жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар көшелерін еріген қар суы шайып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Кеше 1 мамыр көшесінің 4 учаскесінде қиыршық тас төсеу және таптау жұмыстары жүргізілді. Бірақ еріген қар суы үздіксіз ағып, төселгендерді шайып кетуде",- деп мәлім етті Павлодар тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолы бөлімінің маманы Арман Қайрулинов.

 «Біз күніне бірнеше рет қиыршық тас төсейміз. Енді ағымдағы жылдық екінші тоқсанында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселеді».

 ТКШ бөлімінің деректеріне қарағанда, үш күннің ішінде  қалада көшелерге жайылған 200 текше метр қар суы сорылған. Бөлім басшысының айтуынша, суды тартып шығарумен тоғыз техника айналысуда.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар