Павлодарда ер адамды пойыз басып өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар станциясында 45 жастағы ер адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар қалалық көлік прокурорының орынбасары Амангелді Рахметжанов хабарлағандай, қаза тапқан адам шизофрения ауруымен ауырған екен.

«Оның кім екені анықталды. Ол - Павлодар қаласының тұрғыны, 2016 жылдың соңында облыстық психо-неврологиялық диспансерде ем қабылдаған. Қаза тапқан ер адам шизофрениямен ауырған», -деді Рахметжанов.

Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні таңғы сағат 05-00-дер кезінде болған. 45 жастағы ер адамның денесі бірнеше жерге бөлініп қалған.

Пойыздың машинисі болса, теміржолдың бұрылысында бұрыла бергенде, ер адамды байқағанын айтады. Пойызды бірден тоқтатқанымен, бәрі бір адамды басып кеткен.

ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Қылмыстық кодекстің 344 бабы бойынша тергеу басталған.

Соңғы жаңалықтар