Павлодарда ер адам мұз астына түсіп кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Павлодарда Усолка өзенінде серуендеп жүрген 1990 жылғы ер адам ажал аузынан аман қалды.

 Бұл туралы облыстық ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы, мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Ол кеше, 3 желтоқсан күні кешкі сағат 17:00 кезінде конькимен жұқа мұздың үстінде сырғанап жүрген. Кенеттен мұз ойылып, ер адам астына түсіп кеткен. Абырой болғанда, оқиға орнында болған кұтқарушылар тұрғынды жағаға алып шықты», - деді департаментте.

 Мамандардың айтуынша, жергілікті телеарналарда жұқа мұздың үстімен жүру адам өміріне қауіпті екендігі туралы роликтер көрсетіліп, тұрғындар арасында алдын алу шаралары жүргізілуде. Десе де, соңғы кездері өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, осындай қадамға баратын жағдайлар жиілеп отыр.

Соңғы жаңалықтар