Павлодарда екі айлық сәби өрттен зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпаарт - Павлодарда Шөкин көшесі, 100 мекенжайы бойынша орналасқан 16 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлаған.

«Бесінші қабаттағы пәтерде бір шаршы метр аумақ жанған. Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі айлық қыз бала жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты қолданудағы салақтық себеп болған, - деді департамент өкілдері.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, өрт сағат 13-05-те оқшауланып, сағат 13-12-де жойылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен 18 қызметкер және бес техника, апаттық медицина орталығынан үш адам мен бір техника жұмылдырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда. Жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар