Павлодарда екі автобус соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда № 1 бағыт бойынша қатынаған автобус Ломов - Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы № 5 қоғамдық көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Соққыдан № 5 автобустың артқы жағындағы шынысы  сынып кетті. Абырой болғанда, көліктегі жолаушылардың барлығы дін аман.

 «Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізуде. Кінәлі жүргізуші тексеруден кейін белгілі болады», - дейді облыстық ІІД  баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова. 

null 

Фото:pavlodarnews.kz

Соңғы жаңалықтар