Павлодарда джип көлігі трамвайға соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Павлодарда Вокзал-Усолка мөлтекауданы бағытында жүретін №11 трамвайға джип көлігі соғылды. Бұл туралы Трамвай басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті,  деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Кеше күндізгі 16.22 уақытында №11 трамвай соңғы аялдамаға жақындай бергенде, джип автокөлігі келіп соқтығысты. Жүргізуші кінәсін толықтай мойындады. Трамвай 12 минут рельсте тұрып қалып, қайта жолға шықты. Оның алдыңғы есігінің тіреуі зақымдалған, шығынды көлік жүргізушісі мойнына алды», - деді баспасөз қызметінде. Қөліктің нақты маркасын баспасөз қызметкері анықтап айтпады.  

Соңғы жаңалықтар