Павлодарда чернобльдік ардагер жетінші жыл гаражда тұрып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Лебьяжі ауданының азаматы, чернобльдік ардагер 58 жастағы Қуанышбек Асылбековтың отбасы Павлодарға көшіп келгелі жетінші жыл қатарынан гаражда тұрып келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

«Ай сайын 20 мың теңге төлеп тұрамыз. Мемлекеттен үй алу кезегім  -1964, баяу жылжып келеді. Ауыр жұмысқа денсаулығым жарамайды», - дейді Қуанышбек Асылбеков. 58 жастағы азамат үшінші топтағы мүгедек болып табылады.

Айта кетейік, Чернобльге 1100 павлодарлық шақыртылған болатын. 2002 жылы өңірде 440 чернобльдік тұрған, қазір олардың саны 300-ге кеміді. Оның ішінде 163 мүгедек бар. 

Соңғы жаңалықтар