Павлодарда бизнес қауымдастығын толғандырған мәселелер талқыланды - Үкімет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП-ның Павлодардағы өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу барысында бизнес ортаны дамыту мен шағын және орта бизнес өкілдерінің экономиканы жаңғырту жұмыстарына қатысу мәселелерін талқылады, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесудің негізгі тақырыптары қаржылық және заңнамалық сипаттағы мемлекеттік қолдау шаралары мен бизнес ортаны одан әрі жақсарту мәселелері болды. Әңгіме тексерістер мен талаптардың санын азайту және рұқсат пен анықтамалар беру үдерістерін оңтайландыру жөнінде өрбіді.

Өнеркәсіптік өңір үшін өзекті мәселелердің бірі - кәсіпорындардың технологиялық жаңғыруы болып табылады. Жаңғырту аясында өндіріс үдерістерін цифрландыру мен автоматтандыру, еңбек ресурстарын өнеркәсіптік сектордан босату шаралары жүзеге асырылады.

Осыған орай, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында бизнес қауымдастық пен жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыстан босатылған мамандарды қайта оқыту әрі қайта даярлау шараларын қолға алуы керек. Бұл жұмыстар туралы Павлодар облысының әкімі Б.Бақауов баяндады.

Өңір кәсіпкерлері жаңа жобаларға «Павлодар» АЭА салықтық жеңілдіктердің қолжетімділігі, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қаражаттардың қолжетімділігі, өндірушілердің бірыңғай тізімін қалыптастыру тақырыптарын қозғады.

Бұдан өзге, павлодарлық кәсіпкерлер үшін отандық өндірушілерді жосықсыз кәсіпкерлерден қорғау, бизнес субъектілерін шағын немесе ірі санатына жатқызу белгілерін анықтау мәселелері өзекті болып табылады. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелері оқыту мекемелерін лицензиялау рәсімдеріне және электронды шот-фактураларды шығару үдерістеріне қызығушылық танытты.

Облыс кәсіпкерлерінің ұсыныстары мен сұрақтарына ҚР Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова түсініктеме беріп өтті.

Соңғы жаңалықтар