Павлодарда балаларды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі жылға сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодарда соңы қайғылы аяқталған жол апатына қатысы бар 30 жастағы трамвай жүргізушісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

 Қылмыстық істер жөніндегі Павлодар қаласының №2 соты трамвай жүргізушісін ҚР ҚК-нің  345-бабы, үшінші бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. -  Көлік басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айыру және қоныс колониясысында бас бостандығына шектеу қою түрінде жаза тағайындалсын, - деді судья Думан Серікбаев. Сонымен қатар, сот Павлодар трамвай басқармасының басшылығына жұмыс істемейтін спидометрі бар трамвайды жолға шығарған жауапты тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жеке қаулы шығарды.  

 Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 7 қыркүйек күні болған. Трамвай  реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен. Салдарынан үлкені - Махаббат оқиға орнында көз жұмды. Шынар Уәлитованың балаларын жалғыз өзі өсіріп отырғанын білген павлодарлық «Еріктілер клубы» мен облыстық білім саласының қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Халықтың жиналған қаржысына зардап шеккен отбасыға Екібастұз қаласынан үш бөлмелі пәтер сатып алынып, қажетті жиһаздары жеткізілді. Ал, екі миллионнан астам жиналған теңгені Шынар шұғыл отаға мұқтаж балалардың отбасына аударып берді.
 
 Ең соңғы сөзінде вагон жүргізушісі қыздың өлімі үшін анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, бостандығынан айырмауды және өзінің алты жасар қызын тәрбиелеуге мүмкіндік беруді өтінді.   

Соңғы жаңалықтар