Павлодарда аяз салдарынан трамвай «өртенді»

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бес жолаушы мінген трамвайдың түйісу сымы күйді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін, 08:56-да қосалқы станса сөніп қалды. Оқиға орнына барсақ, Торайғыров және Кутузов көшелерінің қиылысында ауа температурасының төмен болуынан түйісу сымы күйіп кетіпті. Сағат онға қарай қозғалыс реттелді. Басқа жолдарда қозғалыс тоқтаған жоқ. Желіден үзілген сым вагонға түсіп, ұшқын шашыраған. Содан тараған бу өрт болғандай әсер қалдырған», - дейді «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ баспасөз хатшысы Тимофей Голев.

Он жетінші бағдардың трамвайында бес адам болған. Зардап шеккендер жоқ.

«Негізінде ол жерде ештеңе де өртенген жоқ», - дейді Т. Голев.

Соңғы жаңалықтар