Павлодарда атыс ұйымдастырғандар қолға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 қаңтар күні 1 мамыр - Толстой көшелері аумағында болған атысқа қатысушылар анықталып, ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полицейлер анықтағандай, тұтқындалғандардың барлығы - Павлодар өңірінің тұрғындары. Олардан «Лексус» маркалы машина мен қару-жарақтар тәркіленді.

Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар белгіленіп, орын алған құқық бұзушылықтың себебі анықталуда.

Бұрын бірнеше рет сотталған Павлодар тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені, оның қақтығыстың негізгі себебін, құқық бұзушылықтағы өзінің рөлін, сондай-ақ оқиғаның қатысушыларын жасырып, тергеу жұмыстарына кедергі келтіргені атап өтілді.

Зардап шегуші сауығып шыққан соң қақтығыстың тараптары тексеріліп, атысқа қатысушыларға объективті, құқықтық баға беріледі. 

Соңғы жаңалықтар