Павлодарда арзандатылған дизельдің бағасы қаңтар айының аяғында белгілі болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының агрономдарына жеңілдікпен берілетін дизельдің бағасы қаңтар айының аяғында белгілі болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде агенттікке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімов айтты.

«Министрлікке 17 мың тонна дизельдік отынға өтініш жіберілген, - деді Есентай Мүрсәлімов. - Бірақ дәл былтырғы мөлшерде 16 мың тонна жанар-жағармай бөліп отыр.

 Өткен жылғы берілген жанар-жағармай толығымен жеткен. Биыл да жеткілікті болады деп отырмыз. Оны аудандарға бөліп береміз. 4 мың тоннасы наурыз айында, 6 мыңы сәуірде, 6 мың тоннасы мамыр айында беріледі.

Наурызда кейбір шаруа қожалықтары несиелерін толығымен алып үлгермегендіктен және қаражаттың жетпеуіне байланысты 4 мың тонна ғана бөлінеді. Бөлім басшысының айтуынша, өңірімізде наурыз айында дайындық жұмыстары жүріліп, сәуір, мамыр айларынан бастап егін егу жұмыстары басталады.

Айта кетейік, обылыс бойынша өткен жылы 1 млн 191,9 мың гектар жерге 118,2 мың тонна тұқым себілсе, биыл 1 млн 329,9 гектарға 126 мың тонна себу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар