Павлодарда апаттық орталық кәріз коллекторынан 200 тонна батпақ шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда диаметрі 1500 мм. кәріз коллекторын қайта қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар басталды.  

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Жұмыстар күшейтілген тәртіпте ұйымдастырылуда», - дейді қала әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әкімбекова. - Лермонтов көшесі бойындағы ұзындығы 331 метр апаттық учаскеде коллектор тазартылды. Барлығы 200 тонна батпақ шығарылып, қоршау орнатылды.

Айта кетерлігі, осы учаскеде орналасқан автобус аялдамасы бұрынғы "Динамо" дүкенінің жанына ауыстырылған. Сәуір айында жұмыс ақталған соң, аялдама өз орнына әкелінеді. 

Соңғы жаңалықтар