Павлодарда 7 жылдан астам қолданыстағы автобустар аязға төзбеуде

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы аяз қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдайтын, жеті жылдан астам уақыт пайдалануда жүрген автобустарға қатты әсер етуде.

 Бұл жөнінде Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор жетекшісі Марат Асылбеков айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Сектор жетекшісінің айтуынша, климаттық жағдайға байланысты 21-қаңтардан 22-қаңтарға қараған түні барлық автотранспорттық кәсіпорындар кезекшілік режімде жұмыс істей бастады. Жөндеу жүргізетін арнайы бригада құрылып, қосымша бөлшектер дайындалып, қосалқы экипаждар жасақталды. Таңғы сағат 6-да 92 пайыз көлік шыққан. Ауылдық және қалаішілік тасымалдаулар қамтылды. 73 трамвай шығып, 100 пайыз жұмыс жасады. Уақыт өте тасымалдаудан алынып қалғандар да болды. - Қалай болғанда да 42 градус аяз біздегі жеті жылдан көбірек уақыт қолданыста жүрген автобустарға әсер етпей қоймайды, - дейді Марат Асылбеков. - Бізде өздеріңіз білетіндей, 17-20, тіпті одан көп жыл пайдаланып жүрген автобустар бар. Осындай автобустар жұмыс кестесінен түсіп қалып жатты. Істен шыққан қоғамдық көліктерді паркке әкеліп, жылытып, керек бөлшектерін ауыстырды,олар жұмысқа қайта  кірісті».

 Таңғы сағат 10-ның кезінде көліктің 73 пайызы өз  жұмысын атқарды. Оған қоса 07, 21, 16 бағытындағы 28 автобус «Бірінші автобус паркінен», 11-і Павлодар автокомбинатынан шықты.  

Соңғы жаңалықтар