Павлодарда 22 жастағы жігітті өлтіріп кеткендер іздестіріліп жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар ауданындағы Новочерноярка ауылында 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«16 сәуір күні Новочерноярка ауылының маңындағы суармалы егістік алаңында денесінде азаптау белгілері бар 22 жастағы ер адамның мәйіті табылды»,-деп хабарлады жергілікті ІІД баспасөз орталығы.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама істері  тағайындалды.

«Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру және тергеу жұмыстары жүргізілуде»,-деп хабарлайды ІІД.

Соңғы жаңалықтар