Павлодарда 10 млн теңгенің есірткісін саудаламақ болған күдікті ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Көкнәр» және «Канал» есіткіге қарсы операция жүргізу барысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Торговая көшесіндегі жанармай құю бекетінің жанында жүк көлігін тізгіндеген 58 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz .

«Көліктің багажын тексеру барысында арнайы дайындалған құпия орында жалпы салмағы 181 келі марихуана және бес келі гашиш  анықталды. Заңсыз айналымнан алынған заттың құны 10 миллион теңгені құрайды», - деді департаментте. Аталмыш фактіге қатысты "аса ірі көлемде саудалау мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл санкция бойынша күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда құрықталған азамат Павлодар қаласы ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар