Павлодар жер қатынастары басқармасының басшысы жол апатына ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаев жол апатына жол берді. 

Салдарынан шенеуніктен басқа, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Жедел мәліметтерге сүйенсек, жол апаты Ленин-Курчатов күре жолында болған. «Киа» қызметтік көлігін тізгіндеген ведомство басшысы жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен жылдамдықты асырған. Салдарынан «Тойота» көлігіне соғылады. «Тойота» темір тұлпарының 43 жастағы жүргізушісі мен 38, 42 жастағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген. Бас ми және басқа да түрлі жарақат алған шенеуніктің өзі де ауруханада жатыр. Сол сәтте жолаушы орындығында отырған оның жүргізушісі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылған. 51 жастағы жүргізуші жол үстінде жағдайы нашарлауына байланысты басшысының рульге отырғанын айтады. - Трасса бойымен жүріп келе жатып ГРЭС-тен өткен кезде жағдайым қиындап кетті, - дейді Бауыржан Жұмалинов. - Мен басшымнан рульге отыруын сұрадым. Қазіргі таңда денсаулығыма байланысты ем қабылдаудамын. Облыс орталығында бұл жағдайдың бақылауға алынғанын айтты. - Бүгінгі таңда Ақсу ҚІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 1-бөлімі «Автомобиль, троллейбус, трамвай немесе басқа да механикалық көлік құралын басқарған тұлғамен жол ережесін бұзу, салдарынан адам денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтіру» бойынша жол көлік оқиғасы фактісі тіркелген, - деді Павлодар облысы әкімінің этика жөніндегі уәкілі Юрий Фельдман. - Бұдан басқа, іс материалы өңірлік этика жөніндегі кеңеске жіберіледі. Сол жерде Дәуітбаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады.  

Соңғы жаңалықтар