Павлодар тұрғыны автобусты қонақ үйге айналдырған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Павлодар тұрғыны клиенттеріне қолайлы жағдай жасау үшін автобустың орындықтарының құрылымын өзгерткен. Қажет кезде ол орындықтар әп-сәтте жатын орынға айналып шыға келеді. Осылайша «өнертапқыш» жүргізуші лицензиясының жоқтығына қарамастан жолаушыларды алыс жолға тасымалдаумен айналысып жүре берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүргізушінің жолаушыларды қалай жинайтыны, ал Павлодар облыстық жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің автобус салонын заңға қайшы болғандығына қарамастан өзгертіп, жолаушыларды жеріне тасымалдап жүргенін қалайша көрмей жүргендігі анықталуда.

Автобусты Қарағанды облыстық Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция өкілдері «Соқыр» бекетінде тоқтатқан. Көлік Екібастұз-Алматы бағытымен жылжып бара жатқан. Полицейлердің назарын орындықтарды орнына қойылған төсектер аударған.

«Жолаушылар орындықтардың арасында орналастырылған жататын орындарға жайғасқан. Павлодар тұрғынының орындықтарды «төсекке» айналдыруға рұқсаты болмаған. Сондай-ақ жүргізуші мен оның көмекшісінің екеуінде де жолаушыларды тасымалдауға берілетін лицензия жоқ болып шықты»,-деп хабарлады Қарағанда облыстық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінің өкілдері.



Автобустың құрылымын рұқсатсыз өзгертіп, лицензиясыз жолаушыларды тасымалдағаны үшін жүргізушіге үлкен айыппұл салынады. Айыппұл көлемін сот анықтайды.

Жүргізуші заңсыз әрекеттерін қайталамас үшін, Қарағанды полициясы ұсынысты Павлодар облысына жолдады.

«Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында Қарағанды облысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапына жол ережесін бұзудің 563 жағдайы тіркелді.

Соңғы жаңалықтар