Павлодар тұрғыны Астана автовокзалында еденге түкіргені үшін 15 мың теңге айыппұл төледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық азамат Астана автовокзалында жерге түкіргені үшін 15 мың теңге айыппұл төледі.

Павлодар мамандандырылған әкімшілік соты 1975 жылы туған азаматты ҚР ӘҚтК 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп таныды, сондай-ақ 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жазаға тартты.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам Астана автовокзалы ғимаратында орналасқан «Экспресс» дәмханасында мас күйінде еденге түкірген, осылайша «қоғамдық орынды ластап, қорлады».

ҚР ӘКтК 819-бабы 2-бөлігінің негізінде сот әкімшілік айыппұлды 30 пайызға қысқартты, соңғы құны 14 847 теңгені құрады, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар