Павлодар облысының тұрғындары бүгін ең сұлу қызды таңдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда өңірдің ең сұлу қызы таңдалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жастар саясаты басқармасының мәліметі бойынша «Сән Сұлу» сайысы Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойының қарсаңында ұйымдастырылып жатыр.

«Іріктеу сайысына 70 қыз қатысты. Нәтижесінде олардың 10-ы ғана келесі кезеңге өтті. Бір ай бойы олар хореографтармен және стилистермен жұмыс істеді. Соңғы кезеңге шыққан қыздардың арасында біреуі ғана республикалық «Miss Kazakhstan» сайысында Павлодар облысының намысын қорғайтын болады, - деді Павлодар қаласы жастар мәслихатының хатшысы Батырбек Нүкин.

Айта кетерлігі, финал бүгін сағат 15.00-де «Крендель» банкет-холлында өтеді. Сайыста үміткерлер өзінің сұлулығымен қатар білімі мен өз халқының дәстүрін көрсете білуі керек. Көрермендер павлодарлық қызмет көрсету колледжінің түрлі шаштараз үлгілерінің шебері Маржан Тынысбектің, Астанада өткен жұмыскер мамандықтар арасында «World skills Kazakhstan-2016» сайсының күміс жүлдегері Мадина Тоқсамбаеваның, сәнгер-дизайнер Галина Беспалованың шығармашылығын тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар