Павлодар облысының полицейлеріне 40 автомобильдің кілті табыс етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Автомобильдің кілттерін облыс әкімі Болат Бақауов табыс етті. Жаңа көліктерді сатып алуға бюджеттен 56 миллион теңге бөлінген. Темір тұлпарлар  жергілікті полиция қызметі, қалалар мен аудандардың бөлімдеріне тапсырылды.

«Материалдық-техникалық базаны нығайтудың нәтижесінде өңірде қылмыс деңгейі төмендеді. Жергілікті полиция қызметі алға қойған міндеттерді абыроймен атқарады деген сенім зор», - деді облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Юрий Колесников.

«Ішкі істер органдарындағы қызмет өте қауіпті әрі алғысқа бөленетін мамандық. Полицейлер қауіпсіздікті сақтап, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етеді. Павлодар облысында өз өмірін қатерге тігіп, қызметі мен міндеттерін орындаған батырлар жеткілікті. Мамыр айында Қазақстан Президентінің атынан Баянауыл ауданының екі қызметкері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке награда табыс еттім. Олар балалар болған автобустың «КАМАЗ» жүк көлігімен соқтығысуына жол бермеген. Мұндай мысалдар өте көп», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі жұмыста үздік атанған полицейлерге наградалар табыстады. Мерекеге орай ішкі істер органдарының 300 тәртіп сақшысы мен ардагері марапатқа ие болды. Бұл күні өз міндетін орындап дүниеден өткендер бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Соңғы жаңалықтар