Павлодар облысының күре жолында 8 көлік соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы "Павлодар-Омск" күре жолында 8 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылардың айтуынша, жапа шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаның куәсі болғандардың әлеуметтік желілерде жазуынша, жаппай жол апаты көру мүмкіндігінің шектелуі салдарынан болуы ықтимал. Осы уақытта Павлодар облысында күшті бұрқасын тұр.

Аймақтың Ішкі істер департаменті хабарлағандай, трассада бензин тасымалдайтын көлік тұрып қалған, оған үш жүк көлігі, екі шағын автобус пен тағы екі жеңіл машина соғылған. Апат орнында кептеліс туындады.

Айта кетейік, «Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылатындығы туралы хабарлаған болатын. Соның ішінде, Павлодар облысында ескерту жарияланған еді. Бұрқасын демалыс күндері де күтілуде. 

Массовое ДТП произошло на трассе Павлодар-Омск. По меньшей мере два человека получили серьезные травмы - В условиях сильного бурана и нулевой видимости недалеко от села Кызылтан Качирского района столкнулись сразу 8 машин. Два человека с различными травмами доставлены в больницу, один из них в крайне тяжелом состоянии. Из-за ухудшения погодных условий все выезда из Павлодара закрыты. Подробности аварии выясняются. - Total.kz

Видео опубликовано Типичный Павлодар (@tipavlo) Дек 9 2016 в 8:59 PST

Соңғы жаңалықтар